• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым Кеше

 Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен 19 ауылға  су құбыры тартылады

20 рет
көрсетілді

Қостанай облысында прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен 22 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Оның 19-ы ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Мәселен, Әулиекөл ауданында аталған қаражат есебінен Көктал, Новоселовка, Первомайск, Юльев ауылдарына су құбыры тартылып жатыр. Нәтижесінде, бұл ауданның 2 мыңға жуық тұрғыны жыл аяғына дейін сапалы ауыз суға қол жеткізбек.

Жобаның іске асырылу барысын және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын облыс прокуратурасы тікелей бақылауына алған.

Қостанай облысы